ӘУБӘКІРОВ Оспанхан

ӘУБӘКІРОВ Оспанхан (4.5.1934. Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарақыстақа. -14.4.1986. Алматы) -сатирик,ақын,жазушы. Алматы өнер ин-тын бітірген (1954). 1958 -60 ж. Қазақ филармониясында артист.1960 -61 ж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер. 1961 -62 ж. Қазақ телевизиясында аға редактор. 1966 -71 ж. Қуыршақ театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 1971 -76 ж. «Ара»журналында фельетонист болып істеді. Сатиралық жанрмен бірге,балаларға арналған өлең-жыр, ертегі,пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен,аудармамен де айналысады. Тұңғыш жинағы «Қоңырау» 1960 ж. жарық көрді. Бірнеше әңгіме, сықақтары, сондай-ақ «Даусыңды аңсадым» (1986) ән мәтіндері жарық көрген. «Қожа мен спорт», «Чемпион Қожанасыр», «Бөтен адам», «Милау сиыр», т.б. комедияларын жазған.Ә. шығармалары орыс тіліне аударылды. Ол түрік жазушысы Әзиз Несиннің «О дүниеден келген хаттар» (1965),серб жазушысы Б.Нушичтің «Өмірбаяным» (1968),Э.Респенің «Мюнхаузеннің хикаялары» (1975),қытай жазушысы Лао Шэнің «Мысықтар шаһары»,т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. Балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйл. берілді (1983).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *