ӘСІПОВ Сапабек (12.11.1925жт, Қостанай обл. Амангелді ауд. Алакөл мекені) -ғалым. филол. ғыл. кандидаты (1973). Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірген (1963). 1944 -72 ж. Қостанай обл. «Большевиктік жол» (қазіргі «Қостанай таңы») газетінде әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі,бас редактордың орынбасары. Амангелді ауд. «Социалистік шаруа»,Жангелдин ауд. «Социалистік ауыл» (кейін «Жаңа өмір» -«Новая жизнь») газеттерінде редактор, жауапты
хатшы. Жангелдин аупарткомының хатшысы. Қостанай обл. » Қостанай таңы»газетінің әдеби қызметкері,меншікті тілшісі,бөлім меңгерушісі,редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1972 -86 ж. Қазақ Совет Энциклопедиясының бас редакциясында аға ғыл. редактор. басредактордың бірінші орынбасары,редакция меңгерушісі болып жұмыс істеген.Казіршығарм.жұмыста.»Қазақ қасіреті» (1994), «Қатерлі дерт,қалжыраған халық» (1998), «Танталовы муки степи» (2001) кітаптары бар. Қазақстан Журналистер одағы сыйл. лауреаты (1995).