ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ Жанат

ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ Жанат (1.1.1966 ж.т., Шығ. Казақстан обл. Тарбағатай ауд. Қарасу а.) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1987). 1987 -95 ж. мектепте оқытушы, 1995 -2000 ж. Шығ. Қазақстан мемл. ун-тінде оқытушы болып қызмет істеген. 2000 жылдан Еуразия ұлттық ун-тінде мұғалім. 1995 ж. «Қарлығаш» атты жас ақындар жинағына өлеңдері енген. «Ғарыш билер ғұмырымды» (1999),»Қаракөз бұлақ» (2001),»Қаңтардағы қызыл гүл» (2001) жыр жинақтарының авторы. 1993 ж. ұйымдастырылған респ. «Аққұс» ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Респ. «Шабыт» шығарм. жастар фестивалінің басжүлдегері, 2001 ж. Қ.Аманжоловтың 90 жылдығына арналған респ. ақындар мүшәйрасының үшінші жүлдесін иемденді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына ұйымдастырылған бәйгеде «Көктүріктер әуені» өлеңдер топтамасы үшін үшінші жүлдені жеңіп алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *