«ӘСЕТ ПЕН ЫРЫСЖАН АЙТЫСЫ» -ақындар айтысының шоқтығы биік, аса көркем туындыларының бірі. Айтыс өткен ғасырдың соңғы ширегіндегі туынды. Мұнда халықтың өміріндегі ауыр жағдай мен ел билеушілердің жасаған зорлық-зомбылығы әсерлі сипатталады. Айтыс әлеум. мазмұнды жұмбақ айтыстың көркем үлгілерінің бірі. Жұмбақты бастан-аяқ Ырысжан айтады да, Әсет қолма-қол шешіп отырады. Айтыс С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті нұсқаларында» (1931), «Айтыс» жинақтарында (1942 -С.Мұқанов, Е.Ысмайылов),(1964 -Ш.Ахметов, Б.Ысқақов),М.Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» хрестоматиясында (1959). Ә-тің жинағында (1988 -Б.Нұржекеев, Б.Абылқасымов) т.б. жарияланған. Орт. ғыл. кітапхананың қолжазба қорында нұсқалары сақталған. Сондай-ақ айтыстың Б.Ақсақалов, С.Әбділбаев орындауындағы нұсқалары да бар, айтысты М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Ордалиев, М.Жармұхамедов зертгеген.