ӘСЕТ ПЕН КӘРІБАЙ АЙТЫСЫ

«ӘСЕТ ПЕН КӘРІБАЙ АЙТЫСЫ»-шамамен 1905 ж. Тарбағатай тауының түстік жағында өткен. Кәрібай ақын туралы толымды дерек жоқ. Бірақ Қаракерей тайпасынан екендігі, осы күнгі Шығ. Қазақстан обл. Ақсуат маңында өмір сүргендігі нақты белгілі. Айтыстың Ержан Ахметовтен жазып алған нұсқасы «Айтыс» жинағында (1964, 1-т. 173-175-6.) жарияланған. Айтыс Ауған Жақсылықов, Боқаш Ақсақалов репертуарында болған. Бір нұсқасын Ахметжан Қилыбаевтан ақын Қалихан Алтынбаев жазып алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *