ӘСЕТ Найманбайұлы (1867. қазіргі Шығ. Қазақстан обл. Үржар ауд. Бақгыа. -23.3.1922. Қытай, Құлжа қ.) -көрнекті ақын, әнші,композитор. Ә ескіше оқып, сауат ашқан. Ә. үркіншілік кезінде Қытайға өткен (1920 -21 ж. шамасы). Жастайынан ән салып,халық аузына іліккеннен бастап ол ән шығара бастаған. «Інжу -Маржан», «Мақпал»,»Қарагөз», «Майда қоңыр»,»Гауһар қыз», «Қоңыр қаз»,»Қисмет», «Әпитөк»т.б. әндері белгілі. Ә. -қазақтың көрнекті лирик ақыны. Оның «Қалдың ба, қайранқазақ,қамданбастан», «Сарбаздар санасы жоқ сатылып жүр»,»Жас жігіт надандықпен алданады». т.б. өлеңдерінің авторы. Ақын жаңа үлгідегі,оқиғалы дастан жырын дамытуға мол үлес қосты. «Салиха -Сәмен»,»Ағаш ат»,»Перизат», «Үш жетім қыз»,»Нұғыман-Нағым»,»Мәлік-Дарай», «Жәмсап», «Кешубай» сияқты бірқатар қисса-дастандары бар. Ә. -айтыс ақыны да. Ол Ырысжан, Бақтыбай, Кәрібай, Әріп, Қали, Сәмет, Қосымбай, Қызыр, Кемпірбай және Мәлике қызбен айтысқан. Солардың ішіндегі аса құндылары «Әсет пен Ырысжанның айтысы», «Әсет пен Кәрібайайтысы». 1910 ж. К.Халиди Ә-тен бірнеше салт өлеңдерін жазып алып жариялаған. Кеңес дәуірінде Ә. өлеңін алғаш С.Сейфуллин (1925) бастырған. Ал 1936 ж. өмірі мен шығарм-ғы туралы тұңғыш мақала жарияланды (Б.Ысқақов). Тұңғыш жинағы 1968 ж. Б.Адамбаевтың құрастыруымен басылып, жинаққа 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дас-танқиссасы жарияланса,
1988 ж. «Әсет»жинағына(құрастырған Б.Нұржекеев) 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 ай-тысқағысы, 8 қисса-дастаны енгізілген.