ӘРІП, Мұхамедғарып Тәңірбергенұлы

 Мұхамедғарып Тәңірбергенұлы (1856. қазіргі Шығ. Қазақстан обл. Жарма ауд. Үшбиік т.ж. бекеті, Жыланды мекені -21.6.1924, сонда) -ақын. Абайдың талантты шәкірттерінің бірі. 11-12жасында ауыл медресесінде, одан кейін бастауыш орыс мектептерінде оқыған. Семейдегі уездік уч-щені бітірген (1881). Семейде оқыған кезде Абаймен танысып, оны өзіне ұстазтұтады. 1882-84 ж. Сергиопольуезіндетілмаш, 1884 -87 ж. Шәуешек қ-нда Ресейдің Қытайдағы елшілігінде тілмаш, одан кейін Қапалда, Бішкек және Алматы қ-нда пошта саласында қызметатқарады. 1890 ж. өзі туып өскен Қандығатай, Еңірекей болыстарында тілмаш болады. Ә. татар, орыс тілдерін жетік білумен бірге араб, парсы, түрік, қытай тілдерін де жақсы меңгерген. Шығыс және орыс классик. әдебиетін оқып, нәр алған. Бала күнінен ақындық жолға түсіп, ақындар айтысына қатысқан. Ә. шығыстың ғажайып оқиғалы ертегілік сюжетіне құрылған бірнеше дастан жазған. Оның алғашқысы «Зияда-Шаһмұрат» дастаны 1884 ж. жазылып, 1890, 1892, 1893,1896, 1909,1912 ж. немере туысы Жақып БайжігітұлыныңатынанҚазанқ-нда баспадан шыққан. «Қисса-и бәһрам» дастаны 1908 ж„ 1912 ж. жарық көрген. «Қожа Ғапон», «Нұрғыза-рун». «Таһир» дастандарының авторы. Ә. өз шығарм-ғында Абайдың дәстүрін ілгері жалғастыра білді. Қапалда қызметте болған кезінде атақты ақын қыз Сарамен танысып, ғашықтық жырларын арнаған. Біржан -Сара айтысын көркемдік жағынан қайта өңдеп, хатқа түсірді, баспаға ұсынып, мәңгілік мұра етіп қалдыруда көп еңбек сіңірген. Ә. 1913 ж. айтыс түріндегі «Тәуке-Ұрқия» дастанын жазған. А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романын еркін аударма үлгісінде өлеңмен қазақтіліне аударған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *