ӘРШИТДИНОВ Батур (1926 ж.т.. Алматы обл. Жаркент қ.) -ақын. Қытайдағы Үрімжі қ-нда жоғары оқу орнын (1954). Қытай КП Пекин Жоғары партия мектебінде (1960). оқыған. Тіл білімі ин-тында аспирантурада сырттай бітірген (1966). 1944 -49 ж. Шығ. Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан. 1954 -61 ж. ШҰАР-дың Коммунистік Жастар одағының біріншіхатшысы. Демокр. жастар ұйымының төрағасы бола жүріп,»Жас коммунист» журналының,»Синьзян жастары» газетінің,»Синьзян» жастар баспасының бас редакторы міндетін қатар атқарады. 1962 -89 ж. Қазақстан Ұйғыртану бөлімінде,кейіннен Ұйғыртану ин-нда ғыл. қызметте болған. Алғашқы өлеңі 1947 ж. жарияланған. «Жастық сезімдері» (1957), «Дала» (1967), «Тау самалы» (1971), «Кек» (1980), «Ынтызар» (1986) жинақтары жарық көрген. «Ұйғыр халықауыз әдебиеті шығармашылығы»,»Дастандар», «Төрт дербіш»,»Он екі мұқам»,»Сом алтын» (ертегілер),»Ұйғыр фольклорының антологиясы» ғыл. еңбектердің авторы