ӘПСАНА (парсы, апсанс -аңыз, араб. хикаят -әңгіме) -қазақфольклорлық прозасының жанры. Бұл терминді орыс, Еуропа әдебиеттерінде қалыптасқан «легенда» (лат.legenda) -ұғымының баламасы ретінде қазақ фольклортануына С.Қасқабасов енгізген. Ә. -бағзы бір замандарда болыпты-мыс делінетін оқиғаларға немесе пайғамбардың, әулие-әмбиелердің ғажайып істерін баяндайтын діни сюжеттерге негізделген, сондай-ақ нақтылы тарихи, кітаби дерек, тиянағы жоқ,таза қиялдың жемісі ретінде туған, фольклорлық прозаның көркемдік сипаты мейлінше қанық үлгісі. Ә-дан аңызға да, мифке де, ертегілерге де тән жанрлық белгілер бірдей ұшырасады. Оқиғаның тым көне, архаикалық сипаты белгілі бір идеялық, тақырыптық бағдарды діттейтін сюжеттік-композиц. шарттылықтың басымдылығы, көп нұсқалық -Ә-ның негізгі ерекшеліктері Ә. шартты түрде тарихи-мекендік, діни-кітаби, әлеум.-утопиялық деп үшке бөлінеді. Тарихи-мекендік Ә. есте жоқ ескі дәуірде өткен оқиғалар, тарихи тұлғалар жайына арналады (Ескендір Зұлқарнайын, Қызыр, Қорқыт туралы Ә.). Діни-кітаби Ә. құран хикаяларын мазмұндап, әулиелердің тағдыр-талайын, тіршілік тауқыметін, т.б. өзек етеді (Мыс., Аюп, Мұса, Әзірет Әли, Нұх,т.б. туралы Ә.). Ал әлеум.-утопиялық Ә. халықтың тәңірі қалаған абат мекен Жерұйық
хақындағы ой-арманынан туындайды (Асан қайғы, Абат, Өтеген батыріздейтін Жерұйық, Жиделі-Байсын туралы Ә.).