ӘН ӨЛЕҢІ -муз. әуенмен айтылуға лайықталған сөз өнерінің бір түрі. Ә. ө. халықтық және әдеби болып екіге бөлінеді. Халықтық деп кім шығарғаны белгісіз Ә. ө-дерін айтады: Мыс.: «Жайдарман», «Жиырма бес», т.б. Ә. ө-дерінің екінші түріне авторы белгілі шығармалар жатады. Мыс; «Сегіз аяқ»,»Бойы бүлғаң»,»Жанбота»,»Ақсиса»,»Құлагер», «Ардақ», «Айнамкөз», «Қаракесек», «Майра», «Қорлан», Гәкку», «Жас қазақ»,»Ақ маңдайлым»,т.б. Әдебиеттануда эес зерттелетін сал-серілерөнернамасы,негізінен,олардың Ә. ө-дерінен тұрады. Абайдың,Мағжанның әуені мен сөзі егіз өрілген Ә. ө -ұлттық поэзиямызға да, ұлттық музыкамызға да олжа салған туындылар. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Н.Шакенов,М.Әлімбаев, Н.Әлімқұлов, Т.Молдағалиев, Қ.Шаңғытбаев, т.б. Ә. ө-дері жұртшылыққа кеңінен мәлім