ӘМІРЕНОВ Тәңірберген

ӘМІРЕНОВ Тәңірберген (15.6.1907. Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Сарыжал а. -11.7.1985. Семей қ.) -ақын. Ауыл мұғалімінен оқып, хат таныған. Халықауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Отан соғысы жылдары Семейдің эстрадалық концерт бюросында қазақ группасын басқарды. Маясар Жапақовпен,Жолдыкей Нұрмағамбетовпен, Шәкір Әбеновпен, Қалихан Алтынбаевпен айтысқан. Шығармалары -«Айтыстың» 3-томында (1996),»Пернедегі термелер» (1965), «Ленин деп халық жырлайды» (1969) жинақтарында басылды. «Жұмбақ тас» (1967), «Қанды қанжар» (1973),»Жол мұраты» (1977),»Өмір өткелдер» (1985) атты өлеңдер жинағы жарық көрген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *