ӘЛІШЕР НАУАИ

ӘЛІШЕР НАУАИ, Ә л і ш е р Низамаддин Мир Науаи (9.2.1441, Герат, -3.1.1501. сонда) -түркі халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Ә. Н-ды Әбілқасым Бабыр өз тәрбиесіне алған. Ә. Н. 15 жасындатүркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын болды. Гератта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, философия, матем. пәндерінен мағлұмат алған. Өзінен бұрынғы Фирдауси. Низами, Дехлауи,Хорезми, Сайф Сараи, замандастары Атаи, Саккаки, Лутфи, Жәми шығарм-ғымен танысқан. Өзінің мектептес досы Хұсайын Байқара Хорасанның әмірі болған кезде, 1469 ж. оның мөр сақтаушысы (Мұхард) қызметін атқарған. 1472 ж. уәзір болып тағайындалды және әмір құрметгі атағы беріледі. Ә. Н. осы қызметтерде жүріп, ғалымдарға, суретшілерге, музыканттарға, ақындарға қамқорлық жасаған. Өз қаржысына жолдар, көпірлер, каналдар, керуен сарайлар, мектептер, шеберханалар салдырған. Оның абырой-беделінің артуын қызғанған басқа уәзірлер, 1476 ж. уәзірліктен босатылуына себепші болған. Ол шығарм. жұмыспен айналысып, «хәмсә» жырлар тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483). «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескендір дуалы» (1485) агш шығармаларын жазған. Ә. Н. «хәм-сәсының» Низами, Дехлауи, Жәми «хәмсәларынан» ерекшелігі -араб-парсы тілінде емес, түркі-шағатайтіліндежазылуы, халықтың ой-арманына,мақсат-мұратынажақындығы. 1487 ж. Байқара Ә. Н-ді Гераттан аластау үшін Астрабадқа қалаби қызметіне жіберген. Бір жылдан кейін өз өтініші бойынша Гератқа қайтып келіп, шығарм. жұмыспен айналысқан. 1488-1501 ж. арасында көптеген ғыл. және көркем шығармалар жазған. Олардың ішінен тарихи-өмірбаяндық («Әджәм патшаларының тарихы», «Саид Хасан Ардашердің өмірі», «Пәһлован Мұхаммедтің өмірі»), дидакт.-филос. («Құстар тілі», «Көңілдердің сүйгені»), әдеби-теор,(Өлең өлшемі»), лингвист,(«Екі тілдің таласы»), әлеум.-экон. («Вақфия»), діни-ғұрыптық («Пайғамбарлар мен хакімдердің тарихы», «Мұсылмандық нұры», Гауһарлар шоғыры») туындыларын атауға болады. 40 мың
жолдық «Ой қазынасы» («Хазоин ул-маони») аталатын кітабы төрт жинақтан («Чар диуан») тұрады: «Балалық базары», «Жастық жарасымы», «Егделік ерсілігі», «Қарттың өсиетгері»,Парсы тілінде 12 мың жол өлеңін «Диуан-фани» деген атпен дербес жинақ етіп құрастырды. «Бес қайрат» («Хәмсәт ул-мутаха-иран) кітабын ұстазы Абд әр-Рах-ман Жәмиге (1414 -92) арнады. 15 ғ-да өмір сүрген 400 шайырдың шығарм-ғынан мәлімет беретін «Ғажайып мәжілістер» («Маджо-лис уннафоис» ) кітабын жазды. Ә. Н. шығармалары 15 ғ-дың өзінде Мауераннахр мен Хорасанда ғана емес, Иран, Әзербайжан, Шығ. Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына тарады. Ақын шығарм. 19 ғ-дың орта шені-нен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады. Ә. Н-дің ақындық дарынына ұлы Абай да тәнті болып, оның шығарм. дәстүрін жалғастырған. Шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Таңдамалы өлеңдері қазақ тілінде екі рет (1948. 1968) кітап болып басылды. Айбектің «Науаи» романы қазақ тілінде жарық көрді (1950). Ұлы шайырдың мерейтойы КСРО көлемінде аталып өтгі (1948. 1968). Ақын Н.Айтов Ә. Н-дың ғазалдарын қазақ тіліне тәржімалап, жеке кітап етіп шығарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *