ӘЛІМ Қайсар (9.1.1947 ж.т.. Қостанай обл. Жанкелдин ауд. Сағаа.) -жазушы. 1971 ж. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі ин-тының Алматы филиалын,1984 ж. Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін тәмамдады. 1969 ж. Қостанай обл. «Коммунизмтаңы» газетінежұмысқашақырылды. 1990-97 ж. «Егемен Қазақстан» газетінің Торғай обл-ндағы меншікті тілшісі болып істеді. Облыс жабылған соң Ақмола қ-нда обл. «Арқа ажары» газетінде тілші. 1998 -2000 ж. ҚРМәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде бас маман болды. Қазір «Егемен Қазақстан» газетінде қызмет атқарады. Алаш ардақтысы М.Дулатовтың мәйітін 57 жылдан соң Карелиядан әкеліп, туған жері Торғайға қайта жерлеу экспед-лық сапарының (1992) басы-қасында болған Ә-нің қаламынан «Мұңды сапар» атты тағылымы мол хикаят туды. Қазақстан Журналистер одағы М.Дулатов атынд. сыйл. иегері атанды (1998).