ӘЛІМЖАН Елен

ӘЛІМЖАН Елен (18.6.1945 ж.т.. Жамбыл обл. Талас ауд. Аққұм а.) -жазушы, драматург. ҚазҰУ-ды бітірген (1968). Еңбек жолын Қазақ теледидарында бастаған. Жамбыл обл. «Еңбек туы» газетінің тілшісі,бөлім меңгерушісі (1970 -76). обл.партия к-тінің нұсқаушысы (1976-80),»Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Жамбыл обл. бойынша меншікті тілшісі (1980 -91), Жамбыл обл. телерадио компаниясының төрағасы (1991 -96),»Түркістан» газетініңбөлім меңгерушісі, Қазақ ұлттық энциклопедиясының жетекші маманы (1997 -98) қызметтерін атқарған. Қазір Жамбыл обл. «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі. «Ән сыры» атты алғашқы әңгімесі Қазақстан жас жазушыларының «Таңғы шық» атты жинағында (1964) жарық көрген. Одан кейін «Оралу» (1978),»Көріпкел» (2000) атты повестер мен әңгімелер жинақтары шықты. Көптеген драм. шығармалардың авторы. «Жанталас»атты комедиялары, «Жанұран» атты муз. комедиясы Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Торғай обл.,Жетісай қалалық, М.Әуезов атынд. Қазақ академ.драматеатрларында Тақталас» пьесасы «Кресло» деген атпен Жамбыл обл. орыс драма театрында қойылған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *