ӘЛІМЖАНОВ Әнуар Тұрлыбекұлы

ӘЛІМЖАНОВ Әнуар Тұрлыбекұлы (12.5.1930. Алматы обл. Сарқан ауд. Қарлығаш а. -9.11.1993. Алматы) -жазушы,журналист. Қазақстанның халық жазушысы (1992),Лепсі пед. уч-щесін (1949). ҚазҰУ-ды (1954) бітірген. «Алма-Атинская правда» газетінде әдеби қызметкер, «Литературная газетаның» (қазіргі «Экспресс-К») Қазақстандағы меншікті тілшісі. «Ленинская смена» газеті редакторының орынбасары, «Правда» газетінің Қазақстан мен Қырғызстан бойынша тілшісі,»Қазақфильм студиясының бас редакторы,»Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы. Тарихи ескерткіштер мен мәдениет қорғау жөніндегі қазақ қоғамы орт. кеңес президиумының төрағасы қызметгерін атқарады. Шығарм. жолын журналистикадан бастап,кейіннен жазушылыкда ұласқан. «Ақ дос,сары дос,қара дос» (1958),»Достар кездескенде» (1959),»Мәңгілік тамырлар» (1960),»Сумен, құрлықпен елу мың миль» (1962),»Күнге бет алған керуен» (1963),»Жалындаған найза» (1968),»Көгілдір таулар» (1964, 1967),»Отырар ескерткіші» (1966),»Махамбеттің жебесі» (1969,1972,1987),»Жәмшид айнасы» (1970),»Қарасұңқар көпірі» (1969),»Жаушы» (1974), «Ұстаздың оралуы» (1978,1981),»Таңдамалы» (екі томдық. 1979),»Адамдардың жолдары» (1984),»Шығармалары» (3 томдық 1989.1990) т.б. орыс тілівде жазылған кітаптардың авторы. Ә. шығармаларында көтерген бүгінгі күннің проблемалары тарихпен тұтасып,үндесіп жатады. Ә-тың тарихи тақырыпқа жазылған шығармаларында бүгінгі өмір кешегі тарихтың заңды жалғасы ретінде суреттеліп, халықтың жақын болашаққа ұмтылған жасампаздық күресі,сарқылмас күш-қуаты,өршіл үні,арманы,мақсат-мүддесі көрініс табады. Бірсыпыра шығармалары Азия,Африка халықтарының ұлт-азаттық күресіне арналған. Ол «Күнге бет алған керуен» повесі үшін Қазақстан Комсомол сыйл. (1965),»Көгілдір таулар» кітабы үшін ҚР Мемл. сыйл. (1967),»Отырардан кеткен сый» және Үнді тақырыбына жазған басқа да шығармалары үшін Джавахарлал Неру атынд. халықаралық сыйл. (1969) алды. Ә. шығармалары көптеген шет ел тілдеріне аударылған. Жазушы Бейбітшілікті қорғау жөніндегі Қазақ қоғамы Орт. Кеңесі төралқасының төрағасы,бірнеше дүркін Қазақстан Жоғ. Кеңесінің. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Азия мен Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі к-нің. т.б. қоғамдық ұйымдардың мүшесі болды. «Құрмет белгісі» (1971), «Халықтардостығы» (1980)ордендерімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *