ӘЛІМГЕРЕЕВ Өтепберген (26.5. 1949 ж.т., Атырау обл. Құрманғазы ауд. Жиделі а.) -публицистжазушы. ҚазҰПУ-ды бітірген(1972″). Еңбек жолын Маңғыстау обл. Бейнеу ауд. мектеп мұғалімі боп бастайды. 1973 -90 ж. Атырау обл. «Атырау» газетінде жұмыс істеген. 1990 жылдан Атырау обл. телерадио компаниясының бас редакторы.Әдеби туындылары 1966 жылдан бері түрлі газет-журналдарда жарияланған. Алты әдеби-публицистик. кітаптардың авторы. Махамбет, Асан
Қайғы, Жиренше шешен, Мұрат, Бала Ораз, Мақаш әкім туралы зерттеулер жазған. Қазақстан Журналистер одағының (1994), Атырау обл. әкімі белгілеген Махамбет атынд. респ. сыйл. (1996) лауреаты. «Егемен Қазақстан» газеті (1987) мен «Ара» журналы (1980. 1981) байқауларының жүлдегері.