ӘЛІМБЕК Қайрат Әбдіраманұлы (16.6.1963 ж.т.,Алматы обл. Панфилов ауд. Үшарал а.) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1985). 1985 -87 ж, Қаратал ауд. газетінде. 1987 -97 ж. респ. «Арай»-«3аря» журналында, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»),»Алматы ақшамы», «Дала дидары»,»Өркен-Горизонт» газеттерінде жауапты қызметтер атқарды. 1997 -98 ж. Қазақ радиосы бас редакторының орынбасары. 1999 жылдан «Жетісу» газетінде бөлім меңгерушісі,»Көзқарас -Позиция» газеті бас редакторының орынбасары қызметтерінде болды. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1989 ж. «Сезімнің гүлі» деген атпен жарық көрген. Одан бері ақын қаламынан туған «Жоқ іздеген жігітпін» (1994),»Намыс найзагері» (2000),»Махаббатстан» (2003) жыр жинақтары шықты. Қазақстан Жастар одағы сыйл. иегері (1994).