ӘЛІМБЕКҰЛЫ Толымбек

ӘЛІМБЕКҰЛЫ Толымбек (18.3. 1954 ж.т.. Жамбыл обл. Жуалы ауд. Амансай а.) -сықақшы-ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1979). Жамбыл ауд. «Шұғыла -Радуга», Жамбыл обл. «Еңбек туы» газеттерінде қызмет атқарды. Красногор ауд. «Коммунизм жолы — Путь к коммунизму» газетінің редакторы. респ. «Ара -Шмель» сатиралық журналында бөлім редакторы. Қазақтеледидарының «Орда» шығарм.бірлестігінде бас редактор,респ. «Ара -Шмель» газетінде жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылародағындаәдебиетшілер үйінің директоры болды. Қазір М.Әуезоватынд. Қазақакадем. драма театры көркемдік жетекшісінің әдеби кеңесшісі. Сықақ әңгіме, өлеңдері «Қарлығаш», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Кімге күлкі, кімге түрпі?», «Тамаша», «О несі, ей?» жинақтарында жарық көрді. «Когда солнце смеется» жинағына әңгімелері орыс тіліне аударылып басылды. «Ләммим», «Ым-жым», «Тойда жолығайық» атты сатиралық шығармалардың авторы. Р.Белецкийден, Ф.Буляковтан, М.Задорновтан тәржімаланған комедиялары М.Әуезоватынд. Қазақакадем. драма театрында қойылды. Қазақстан Журналистер одағы сыйл. лауреаты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *