ӘЛІМБАЕВ Мұзафар (29.10.1923 ж.т., Павлодар обл. Шарбақты ауд. Маралды а.) -ақын. Қазақстанның халық жазушысы (1994), Қазақстанның еңб. сің.мәдениет қызметкері (1978). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. ҚазҰУ-ды бітірген (1965). 1948-58 ж. «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1958 -1986 ж. «Балдырған» журналының бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңі «Қызыл ту» газетінде басылды (1939),соғыс жылдарында майдан газеттерінде көптеген өлеңдері жарияланды. Алғашқы жинағы «Қарағанды жырлары» 1952 ж. жарық көрді. Ә-тың 300-дей өлеңіне ән жазылған, бірнеше ән кітаптары шыққан. «Менің ойыншығым» (1953),»Отпен ойнама» (1959),»Орақ-олақ» (1962),»Шынықсаң -шымыр боларсың» (1977),т.б. кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. Ә. мақал-мәтелдерді жинау,зерттеу,басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді: «666 мақал мен мәтел»
(1960),»Мақал -сөздің мәйегі» (1963),»Өрнекті сөз -ортақ қазына» (1967),»Мақалнама» (1970),»Маржан сөз» (1982), «Нақылдар» (1998),»Батамен ер көгерер» (1996),»Халық-ғажап тәлімгер» (1994),»Нақылдың төркіннамасы» (1996),т.б. жинақгар мен зерттеу еңбектері бар. Сын-зерттеу саласында «Қалам қайраты» (1976),»Көңіл күнделігінен» (1980),»Өмір, өнер,өнерпаз» (1990),»Толқыннан толқын туады» (1992),»Көңіл күнделігі» (1996),»Көргендерім көңілде», (1992) еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ә-тың өлеңдері 38 тілге аударылған. Қазақстанның Мемл. сыйл. (1984), Жазушылар одағы «Алаш» сыйл. (1992),Жамбыл атынд. халықар. сыйл. лауреаты (1996),Ы.Алтынсаринатынд. медальдың иегері (1993),»Құрмет» орденімен марапатталған (1995).