ӘЛІМБАЕВ Доскей

ӘЛІМБАЕВ Доскей (1850, қазіргі Астана қ. -1946. Қарағанды қ.) -ақын. Қазақстанның еңб. сің. өнер қайраткері (1939). Алғашқы өлеңдері мен жырларьшда,айтыстарындакөбінесе би-болыстарды сынап,жарлы-жақыбайлардың жоғын жоқтап,мұңын мұндап сөйлеген. Халық арасына кеңтараған батырлықжырларды,лиро-эпостық дастандарды, Шығыс елдерінен ауысқан ертегі-аңыздарды жаттапалып,домбыраға қосып,ел ішінде айтып жүрген. Көптеген халық ауыз әдебиеті үлгілерін біздің заманымызға жеткізген. Сондай-ақ жас кезінде Біржан сал,Ақан сері,Жаяу мұса,Балуан Шолақ,Үкілі Ыбырайлармен кездесіп, олардың ақындық,әншілік өнерлерін үйренген. «Кенесары»дастаны -көркемдік қуаты күшті, рухты туынды. «Қарағанды» (1940),»Жүрегімде жатгаулы» (1941) атты өлеңдері мен толғаулары жарық көрген. 1938 -43 ж. ақындардың обл., респ. жиындары мен айтыстарына белсене қатысып, көптеген өлеңдер шығарған. 1940 ж. республика жұртшылығы 90 жасқа толуын және әдеби-өнерпаздық қызметінің 75 жылдығын үлкен мереке ретінде атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *