ӘЛТАЕВ Аманжол Дүйсенбайұлы

ӘЛТАЕВ Аманжол Дүйсенбайұлы (31.8.1971 ж.т.. Жезқазған обл. Жаңаарқа ауд. Ақтүбек а.) -айтыс ақыны. Қарағанды мемл. ун-тін бітірген (1993). 1993 жылдан осы ун-ттіңқазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген. Қазір Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттықун-тінде оқытушы. Қарағанды қ-нда өткен «Арқа арулары мен сал серілері» сайысының (1990), жыр сүлейі Иса Байзақовтың 90 жылдық мерейтойына арналған (Павлодар, 1990). С.Сейфуллиннің 100 жылдық тойына арналған (Жезқазған, 1990) респ. айтыстардың жеңімпазы. 1990 ж. Қызылорда обл-нда өткен халық ақыны Нартай Бекежановтың 100 жылдық мерекесіндегі, 1991 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда болған атақты балуан Кажымұқан Мұңайтпасұлының 120 жылдығына арналған тойында, 1993 ж. Ташкент қ-нда өткен халықаралық ақындар айтысында, 1992 ж. Қарағанды обл-нда ұйымдастырылған. Қ.Аманжоловтың 80 жылдық мерейтойында, Ғ.Мүсірепов құрметіне арналған айтыста, Тоқгар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 1 жыл толуынаарналған айтыста, Ж.Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы құрметіне өткізілген ақын, жыршы-дастаншылар сайысында (Қарағанды, 1996) жеңімпаз атанды. 1995 ж. ұлы ақын, ойшыл, Абай Құнанбайұлының ЮНЕСКО дәрежесінде өткен 150 жылдық мерейтойында, т.б. өткізілген респ. ақындар айтыстарында жүлделі орындарды иеленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *