ӘЛСЕЙІТОВ Құдайберген (1884. Павлодар обл. Ертіс ауд. Михайловка а. -1933) -суырыпсалма ақын,әнші-композитор. 11-12жасынан «Балаақын»атанған. Павлодар, Омбы, Көкшетау,Қызылжар, Ақмола,Семей қ-ларын аралап ән айтқан. Бертінде Қоянды, Қараөткел жәрмеңкелерінде ән салып, ат ойынын көрсеткен. Ә-тің көптеген муз. шығармалары «Құдайбергеннің әні», «Баласы Әлсейіттің Құдайберген»,»Құдайбергеннің термесі», «Құдай-бергеннің желдірмесі», «Құдайбергеннің Хадиша қызбен айтысы» деген атпен ел арасына кең тараған. Ә. мелодиялары терме жанрынатән жеңіл ырғаққа құрылған. Ол ән жанрында кезігетін қайырмасыбар екі бөлімді форманы терме, желдірмелерінде сәтті пайдаланған. Ә-тің шығарм-ғын насихаттаған И.Байзақов болды.