ӘЛПЕЙІСОВ Тұрсынғазы Камалұлы (5.3.1949 ж.т., Шығ. Түркістан Қарабақ а.) -жазушы. 1959 ж. Қазақстанға қоныс аударған. Еңбек жолын Жаркент қ-нда бастайды. ҚазҰУ-ды бітірген. Ауд. газеттерде,комсомол ұйымдарында, «Жалын» баспасында, «Казкинопрокат» мекемесінде «Жәрдем» және «Шалқар» фирмаларында жауапты қызметтер атқарған. Қазір «Тұрмыс» жабық акционерлік қоғамының президенті. «Кұтты қадам», «Көк шұбардың тұяғы» атты повестъ әңгімелерден тұратын жинағы; «Жоңғардың соңғы қашқыны» романы жарық көрген. Ұйғыр және орыс тіліндегі кітаптарды қазақтіліне аударған.