ӘЛМЕН Балқаймаққызы

ӘЛМЕН Балқаймаққызы (шамамен 19 ғ-дың 2-жартысы, қазіргі Жамбыл обл. Қордай ауд. Сүлутөр өңірі -ө.ж.б., сонда) -айтыскер ақын. Ақындық өнері тым ерте, қаршадай қыз күнінде-ақ танылған. Замандасы Тәкен сал Байғұтгыұлының ұзатылып бара жатқан ақын қыздың соңынан қуып келіп,жолда айтысуының өзі оның 15 -16 жасында-ақ ел мойындаған ақын болғанын дәлелдейді. Еріксіз ұзатылғанына өмір бойы өксіп: «Сайрап жүрген саяда бұлбұл едім, Мойныма түсірді-ау тұзақ-тор ғып», -деп зарлаумен өткен. Ә. бойға біткен өнерінен қол үзбей, өз тұсындағы өлеңші, ақын атаулының бәрін жеңген. Ә.айтыстары бізге түгел жетпеген. Хатқа түскендері қайынағасы Ешмадиярмен сөз қақпайлары, Олжабаймен айтысының үзінділері, Қабасақалмен және Тәкен салмен айтысы, сондай-ақ Бектұрған кайын ағасына айтқаны және «Құдай неге жаратқан қызды қор ғып» деп басталатын ұзақ толғауы. Ә. өлеңдері «Айтыс» топтамасының 1-кітабына енген (Айтыс.А.. 1988).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *