ӘЛМАҒАМБЕТ Оспанұлы (1886. Қостанай обл. Жангелдин ауд. Шиелі мекені -1966. сонда) -ақын. Ауыл молдасынан сауатын ашқан. Торғай қ-нда Ы.Алтынсарин ашқан қолөнер мектебін бітірген (1905). Тройцкідегі » Расуля» медресесін (1916) бітірген. 1917 -23 ж. өзауылында»Бостандық» мектебін ашып, А.Байтұрсынов емлесімен сабақ берген. 1925 ж. Торғай уезі мұсылмандары Ә-ті дін басшысы -Мұхтасиб етіп сайлайды. Осы қызметі үшін Ә-ті Кеңес өкіметі қуғынға ұшыратып,екі рет тұтқындап (1929. 1931) екеуінде де 10 жылға соттаған. Ақталып шыққан соң Ақтөбе обл. Ырғыз ауд.. Қостанай обл-ның Жангелдин ауд-нда бала оқытқан. 1937 ж. Ә.Ресейдің Тройц қ-нда. Қостанай обл-ның Қарабалық ауд-нда мұғалімдік қызметін жалғастырған. 1941 ж. «халық жауы» деген жаламен 8 жыл-ға сотталып. кейін Маринскіге жер аударылған. 1944 ж. босап шығып, Тройцкі қ-нда. Қостанай обл-ның Әулиекөл ауд-нда тұрған. 1961 ж. туған ауылына қайта оралған. Ә-тің алғашқы өлеңдері «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде жарияланған. Оның «Қош Торғай» деген көлемді толғауы. «Жастарға айтар сөз», «Арақтуралы», «Жазушыдан ақырғы сөз» деген өлеңдері халық арасына кең тараған.