ӘЛМАҒАМБЕТОВ Тәшібай (15.9. 1910. Қостанай обл. Қамышин ауд. «Бестау» кеңшар. -2.12.1944. Қазан қ.) -ақын. ҚазҰПУ-дың даярлық курсын бітірген (1938). 1932 -41 ж, Қарсақбай, Жезқазған, Семей қ-нда мұғалімдік қызмет атқарған. Алғашқы өлең, әңгіме, очерктері » Қызыл кенші» (Жезқазған),» Екпінді» (Семей), «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш) газеттерінде, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналында жарияланған. «Он алтыншы жыл» (1940),»Тарту» (1940),»Жыр аманаты» (1978) жинақтары жарық көрген. 1941 -43 ж. «Отан», «Отан үшін», «Қарағай», «Жігітгі мақтап некерек», т.б. өлеңдері жауынгерлер арасына кең тараған.