ӘЛЖАНОВ Отыншы (1873. бұрынғы Семей обл. Зайсан уезі, Нарын болысы -1918. Семей обл.Мақаншы кенті) -қоғам қайраткері. Алашорда үкіметінің мүшесі,ағартушы, фольклоршы. Ә. Зайсандағы орыс-қазақ уч-щесін (1887),Омбының қазақ-орыс гимназиясын (1890), Омбы мұғалімдер семинариясын (1894) бітірген. Дала ген.-губ. кеңесініңің жүргізушісі (1894 -95),Ақмола обл. сотының тілмашы (1895 -1907),Көкпекті қ-ндағы орыс-қазақ уч-щесінің меңгерушісі (1907 -09) болған. Ресей өкіметінің отарлау саясатына қарсьшық көрсеткені үшін Ә. 5 жылға Жетісу обл. Лепсі уезіне жер аударылған. 1917ж. Ақпан төңкерісінен кейін Ә. Жетісу обл-ндағы Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі болған. Ол уез-дік, обл., жалпықазақ съездеріне түгелдей қатысып,II Жалпықазақ съезінде (Орынбор. 1917. 5 -13.12) Алашорда үкіметіне мүше болып сайланды. Жетісудақұрылған Алаш әскерінің қолбасшысы болып,большевиктерге қарсы соғысқан. Қызылдардың қолынан қаза тапқан. Кеңес өкіметі оның ұрпақтарын қырғынға ұшыратқан.