ӘКІМОВ Талатбек (1936 ж.т.. Өзбекстан, Ташкент обл. Жоғары Шыршық ауд.) -әдебиет зерттеуші, филол. ғыл. кандидаты (1993). ҚазҰУ-ды бітірген (1967). А.ш-нда, Жезқазған геологиялық барлау экспедициясында жұмыс істеген. 1968 -1992 ж. Әдебиет және өнер ин-ты
жанындағы «Әуезов үйі» ғыл.-мәдени орт-нда кіші ғыл. қызметкер, 1993 жылдан аға ғыл. қызметкер. Ә. ұзақ жылдар бойы М.Әуезов мұрағатын зерттеумен айналысып келеді. Ұлы жазушы өмірі мен шығарм. жайлы елуден астам ғыл. мақалалар мен «Даналық мәйегі» зерттеу кітабының авторы. М.Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағьшың, 50 томдық шығармалар жинағының алғашқы 3 томының ғыл. түсініктемелерін жазып, баспаға әзірлеуге қатысты. «М.О. Әуезовтің қолжазба мұрасы» ғыл. сипатгамасы (1977) мен «М.О. Әуезовтің өмірі мен шығарм. шежіресі» кітабын (1997) құрастырушылардың бірі.