ӘЗІЛ

ӘЗІЛ -бір адамның екінші адамды ұялту, сөзге тоқтату үшін айтылатын ұрымтал да астарлы,көңілді де күлкілі пікірі. Яғни болмысқа, құбылысқа нақты оқиғаға қатысты көзқарасты білдірудің,баға берудің бір түрі. Ә-де де сынап-мінеу, іліп-шалып,тәлкек ету ниеті жатады. Тек сол ниет жүрекке ауыр тимейтін етіліп,қалжыңға сүйеп жүзеге асырылады. Сондықтан да қазақ мұны «әзіл-оспақ», «әзіл-қалжың» деп қосарлап айтады. Дегенмен ащы Ә-дерде сатираныңуыты,көңілге қаяу түсірмейтін Ә-дерде юмордыңбелгілері жүреді. Ә. -юморлық сезімнің, тапқырлықтың жемісі. Алайда әзіл-оспақ. әзіл-қалжыңды сатира,юморға жатқызуға болмайды. Өйткені, біріншіден,сатира,юмор өмірлік болмыс-құбылыстарды ұзақ уақыт байқап-көрудің, зерттеп-білудің, ақыл-ой,дүниетаным елегінен өткізудің нәтижесінде туады. Сатира, юмор белгілі бір дүние-танымның,саяси-әлеум. көзқарастың көрінісі, сәулесі ретінде,ресми шығарма түрінде, жалпы жұртқа жария етілу үшін жазылады. Ал әзіл-қалжың түріндегі шымшыма сөз кез келген жерде -отбасы. ошақ қасында,той -томалақ,әр түрлі отырыстарда айтыла салады. Онда ресми сипат, кең танымалдық болмайды. Сатира,юмор міні бар қоғам мүшесінің бәріне бірдей бағыттала береді,ал әзіл-оспақ дәстүрлі сөзқағыстыру реті бар адамдар арасында ғана, яғни құрбы мен құрдас,жезде менбалдыз, жеңге мен қайын,құда мен құдаша арасында айтылады. Халқымыз «Әзілің жарассаатаңмен ойна» деп Ә-ді кек тұтпай, қолдап отырған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *