ӘЗІЛКЕШ (Әзірбай) Шымырұлы. Алшынның Әзілкеші (1830. Қызылорда обл. Жалағаш ауд. Жаңаталапа. -қ.б.ж.6.) -айтыс ақыны. Ә-тің халыққа кеңінен танылған туындысы «Қыз Болықпен айтысы»,Ақын Арқа елінде де болған. «Әзілкеш атандырған жеңгелерім», «Ағайынға сын», «Көреді барған малдың жұтын» т.б. туындылары сақгалған. Ә. Құрманғазы Сағырбайұлымен үзеңгілес жолдас болған. Ә-тің кейбір шығармалары Орт. ғыл. кітапхананың сирек қолжазбалар қорында сақтаулы.