ӘЗИЕВ Әмен Махатұлы

ӘЗИЕВ Әмен Махатұлы (6.6.1927. Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. -6.6.2003. Алматы) -ғалым,жазушы,филол. ғыл. кандидаты (1969). Қарқаралы пед. уч-щесін (1943). ҚазҰУ-ды (1950)»бітірген. 1943-1949ж. Қарқаралы ауд. соғыс комиссариатында қызмет істеген. 1949 ж. ун-тте оқи жүріп «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі,1950 -1952 ж. Тіл және әдебиет ин-тының кішіғыл. қызметкері. 1952 -1961 ж. Қарағанды обл. «Советтік Қарағанды» газетінің әдеби қызметкері,бөлім меңгерушісі,кейін жауапты хатшысы. 1961 ж. Қарағанды телестудиясының директоры. 1966-1973 ж. Қарағанды пед. ин-тында Қарағанды мемл. ун-тінде аға оқытушы. 1973 -1982 ж. Қарағанды политех. ин-тында доцент болып жұмыс істеген. Оның «Достық күші» деген тұңғыш әңгімесі 1957 ж. «Жұлдыз» журналында жарияланды. 1968 ж. «Есіл ару» атты пьесасы Қарағандының обл. драма театры сахнасында қойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *