ӘДІБАЕВ Хасен

ӘДІБАЕВ Хасен (6.8.1924 ж.т.. Шығ. Қазақстан обл. Шұбартау ауд. Қосағаш а.) -жазушы, ғалым, филол. ғыл. докт. (1970). проф. (1973). Қазақстанның еңб. сің. жоғары мектеп қызметкері. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. ҚазҰУ-ды (1955),ҚазҰПУ-дың аспирантурасын (1959) бітірген. 20 ғ-дың 50-жылдардан бастап әдеби сын,әдебиеттану ғылымы,көркем проза саласында ат салысып келеді. «Уақыт және суреткер» (1967),»Талант, талғам, тағдыр» (1971),»Көкжиек» (1978)атты сын-зерт. кітаптары қазақ әдебиетінің келелі мәселелеріне,көрнеюі қаламгерлердің шығарм-тарын саралауға арналған. Оның «Таңбалы адам» (жинақ. 1975),»Отырар ойраны» (роман, 1986) «Әупілдек» (1987)повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрген. Орыс мектептеріне, арнаулы және жоғары оқу орындарына арналғанбірнеше әдебиет оқулықтарын жазған. 2-дәрежелі «Отан соғысы»,»Қызыл жұлдыз»,»Құрмет» (1998) ордендерімен, екі рет «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *