ӘДЕБИ ТІЛ -жалпыхалықтық тілдің аясында түзілген, екшелген, белгілі бір қалыпқа түсірілген, сөздік құрамы, емлелік бітімі, грамматикалық тұлғалары айқындалған, халықгың сан-салалы мәдени қажеттілігін өтеуге қабілетті тіл. Ә. т. -көркем әдебиеттің, ғылымның, білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының, ресми, іскерлік, т.б. қарым-қатынастардың құралы. Соған сай ол көркем әдебиет тілі, ғылыми тіл, ресми іс қағаздары тілі, т.б. болып бөлінеді. Ә. т-дің шарты -жалпыға бірдей түсініктілік. Ә. т-дің екі түрі бар: жазба тіл және сөйлеу тілі. Қалыптасқан түсінік бойынша Ә. т-дің түзілуі жазба әдебиетгің өркендеуіне байланысты. Өйткені жалпыға ортақ тіл өлшемдерінің таңбаланып сақталуы, тұрақталып қалуы негізінен жазу-сызу арқылы жүзеге асады деп саналады. Бұл тұжырыммен келісе отырып, әрбір ұлттың Ә. т-дің даму жолы әр қалай өтетіндігін ескеру қажет. Ертістен Еділге дейінгі аралықтағы байтақ өлкеге шашырай қоныстанған халықтың баршасына бірдей түсінікті, баршасына бірдей танымал болған қазақ Ә. т. өзіндік жолмен, яғни сөйлеу тілі арқылы түзілгені ақиқат. Ә. т. -үнемі түрленіп, толығып, қолданылу ыңғайына қоғамдық қажетгілікке сай сараланып отыратын, үздіксіз даму үстіндегі құбылыс.