ӘДЕБИ МҰРАЖАЙЛАР — көрнекті ақын жазушылардың өмірі мен шығармашылығына байланысты әр түрлі құжаттарды, ескерткіштерді жинап көпшілікке таныстыратын ғыл.-зерт. және ғыл.-ағарту мекемелері. Ә. м-дың қызметі классик. және қазіргі заманғы әдебиет туындыларын зерттеуге, жинақтауға, сақтауға, ғыл. тұрғыдан сипаттауға, жұртшылыққа таныстыруға, сондай-ақ тарихи-әдеби мұраларды насихаттауға бағытталады. Ә. м-ға бейнелеу өнерінің туындыларын портреттер, суреттер, картиналар, документті фотосуретгер шығармалардың алғашқы жарияланған нұсқалары, автордың қолтаңбасы сақталған жеке басылымдар, сын әдебиеттер, театрдың және киноның жарнамалары мен бағдарламалары, жеке үй мүліктері, түрлі жабдықтар, сондай-ақ, мұражайлық-тұрмыстық кешендер экспонат ретінде қойылады. Ә. м. өз ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді: бірінші топқа тарихи, әдеби мұражайлар, белгілі жазушылардың өмірі мен шығарм-ғына арналған мемориалдық тарихи-әдеби мұражайлар (мыс., Алматыдағы Әуезовтіц әдеби-мемориалдық мұражайы, Мұқановтңц әдеби-мемориалдықмұражайы), екінші топқа әдеби-мемориалдық мұражайлармен қорықтар, жазушының өмірі мен күнделікті тұрмыс жайларына байланысты сақталған үйлер жатады (мыс., Алматы обл. Жамбыл ауд-дағы Жамбылдың әдеби-мемориалдық мұражайы, Жидебайдағы Абайдың әдеби-мемиориалдық мұражайы, Жамбыл обл. Красногор ауд. Кенен а-ндағы К.Әзірбаевтыц әдеби-мемориалдыңмұражайы, Талдықорған қ-ндағы І.Жансүгіровтың әдеби-мемориалдық мұражайы), Үшінші топқа аралас типті мемориалдық және тарихи-әдеби мұражайлар жатады (мыс., Маңғышлақ обл. Форт-Шевченко қ-ндағы Т.Г. Шевченконың мұражай-кешені). Соңғы жылдары қоғамдықнегізде жұмыс істейтін Ә. м-лар саны көбейіп келеді (мыс., Ақмола обл-ндағы С.Сейфуллиннің, Павлодар обл. Баянауыл ауд-ндағы С.Торайғыров пен М.-Ж. Көпеевтің әдеби-мемориалдықмұражайлары, оқу орындарындағы Ә. м-лар, т.б.).