ӘДЕБИ АРХИВ

ӘДЕБИ АРХИВ — әдебиет тарихына қатысты деректі мемуарлық материалдар (қолжазбалар,қойын кітапшалар, қолтаңбалар,күнделіктер, хаттар,т.б.) жинағы. сол материалдар сақталған орын. Ә. а.мекемелердегі, мұражайлардағы, кітапханалардағы арнаулы орьшдарда сақталады. Ә. а. әдебиеттің тарихы үшін ғана емес, оның бүгінгі дамуы мен болашақ бағдарына қызмет ететін рухани қазына болып саналады. Ресейде Қазан төңкерісіне дейін тарихи-әдеби мәні бар құнды материалдар жазушылардың отбасылық архивінде болған. Кейін олар Санк-Петербургтегі М.Е.Салтыков-Шедрин атынд. мемл. көпшілік кітапханада, Мәскеудегі В.И. Ленин атынд. кітапханада жинақталған. 1941 ж. Мәскеуде әдебиет пен өнердің орт. мемл. архиві ұйымдастырылды. Қазақстанда Ә. а. жинақтау ісі Қазан төңкерісінен кейін ғана қолға алынды. Біздің республикамыздағы ең бай Ә. а. Мұқановтың мұражайында сақталған. Онда жазушының әр түрлі қолжазбаларын айтпағанда, оның оқырмандардан алған хаттарының өзі 141 том. Әуезовтіңмұражай үйінде жазушының жұртшылыққа белгілі драмалық, прозалық шығармаларының бірнеше нұсқасының қолжазбалары бар. Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин,Қ.Жұмалиев, Ж.Сыздықов, Ғ.Орманов, Бауыржан Момышұлы, С.Омаров, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Жайсаңбек Молдағалиев, т.б. қаламгерлер артында қалған материалдар да бай Ә. а. болып табылады. Қазақстанда Ә. а-тің көпшілігі Қазақстанның Орт. Мемл. архивінің қолжазбалар қорында, енді бір бөлігі сол қаламгерлердің өз отбасында және мұражайларывда сақталып келеді. Орт. ғыл. кітапхананың қолжазбалар бөлімінде де көптеген жазушылардың қолжазбалары сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *