ӘДЕБИЕТ ШЕЖІРЕСІ

ӘДЕБИЕТ ШЕЖІРЕСІ, әдебиеттанудың бір саласы, деректанудың құрамдас бөлігі. Әдеби өмірдегі үлкенді-кішілі оқиғаларды нақты деректермен көрсетіп отыратын Ә. ш. барлық халықтардың әдебиетінде бар. Ә. ш. 2 үлкен салаға жіктеледі. а) әдеби өмір шежіресі; ә) жеке ақын. жазушылардың өмірі мен шығармашылығына арналған шежіре. Қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби өмір шежіресін жасау 20 ғ-дың 60-жылдарынан басталады, (Вопросы казахской литературы,т.2. А.-А., 1960). Қазақстандағы әдеби өмірі шежіресі қазақ әдебиетінің тарихына арналған ғыл. кітаптарға өз алдына жеке тарау ретінде енді (Очерк истории казахской советской литературы, М., 1960, стр. 601 -659; Қазақәдебиетініңтарихы, 3 т. 1-кіт. А., 1967; Қазақ әдебиетінің тарихы, 3 т. 2-кіт. А„ 1967; История казахской литературы, т. 3. А.-А., 1971; 40 -50 және 60-жылдардағы қазақ әдебиеті, А.. 1998. 330 -39-8 б.). Қазақстандағы әдеби өмір шежіресі «Қазақстан Жазушылар одағына 60 жыл» деген атпен жеке кітап болып басылып шықты (1964). М.Әуезовтің туған күнінен бастап қайтыс болғанға дейінгі аралықгағы (1897-1961) кезеңге байланысты әдебиет шежіресі өз алдына жеке кітап болып басылды (1997).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *