ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ, М.О. Әуезов атынд. -ғылыми зерттеу мекемесі. 1933 ж.11 қарашада ғыл.-зерт. ин-ты болып құрылды. 1934 ж. КСРО ҒА-ның Қазақ филиалының Тіл және әдебиет секторы, 1945 ж. Тіл және әдебиет ин-ты (1946 ж. ҚР ҰҒА құрамында) болып жұмыс істеді. 1961 ж. 6 мамырында Ә. және ө. и. болып құрылып, сол жылғы маусымда М.О. Әуезов есімі берілді. 1963 ж. ин-т құрамында ғыл. бөлім ретінде Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды. Ин-та 11 бөлім: фольклор,ежелгі әдебиет, Абайтану және жаңаәдебиет, қазіргі әдебиет, әдебиет теориясы және әдебиеттану методологиясы, әлем әдебиеті және халықаралыққатынастар.театр, бей-нелеу өнері, музыка, қолжазба және текстология бөлімдері, «Әуезов үйі» ғыл.-мәдени орталығы жұмыс істейді. Ин-т көне заманнан бүгінге дейінгі қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихын,әдебиет пен өнер теориясын, қазақ әдебиетінің шет елдерәдебиетімен байланыстарын зерттеп, қолжазбаларға ғылыми талдау жасап, текстологиялық жұмыстар жүргізеді. Ин-ттың қолжазба және текстология бөлімінде қазақ фольклорының көлемі үлкен және шағын екі жүз мыңға жуық нұсқасы сақталған.Ин-тосымұраларнегізінде «Қазақ халық әдебиеті» айдарымен қазақ фольклорының 17 томын дайындап шығарды. Қазақ фолькло-ры мен әдебиетінің және өнерінің тарихы мен түрлі мәселелері туралы жүздеген монографиялық еңбектер, шығармалар жинақтары жарық көрді. Ә. және ө и-ның ірі табысы -алты кітаптан тұратын үш томдық «Қазақ әдебиетінің тарихында» (1960 -67) халық ауыз әдебиетінен бастап, қазіргі қазақ әдебиетіне дейінгі кезеңдері жан-жақты зерттелді, 1968 -79 ж. бұл еңбек 3 том болып, орыс тілінде жарық көрді. 20 ғ-дағы қазақ әдебиеті жаңаша пайымдалған «20-30-жылдардағы қазақ әдебиеті», «40-50 және 60-жылдардағы қазақ әдебиеті» монографиялық еңбектер (1997-1998),қазақ өнерінің түрлі салаларын қамтыған «Қазақ театрының тарихы» (2 том, 1975-78),»Қазақ музыкалық фольклоры» (1982),»Қазақ бейнелеу өнері тарихының очерктері» (1974), «Қазақ қолжазбаларының ғыл. сипаттамасының» 7 томы, «Дала уәлаятының газеті» атты бескітаптан тұратын әдеби нұсқалар жинағы жарық көрді. Ин-т ғалымдары М.Әуезовтің VIтомдық(1967 -69) және20томдық (1979 -85)шығармаларжинақтарын бастырып шығарды, 1997 ж. 50 томдық жинағын дайындау қолға алынып, 2005 жылға дейін 18 томы басылып шықты. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиндердің 5 томдық шығармалар жинақтары екі рет, халқымен ин-т ғалымдарының қажырлы еңбектері арқасында халқымен қайта қауышқан Шәкерім, А.Байтұрсынов кітаптары, М.Жұмабаевтың 3 томдық, М.Дулатов және Ж.Аймауытовтың 5 томдық жинақтары жарық көріп, олар туралы зерттеулер жазылды. Абай мен Жамбылдың екі томдық академиялық жинақтарының жаңа басылымдары жарық көрді. Ин-т ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен Абайдың 150. М.Әуезовтің 100 жылдық мерейтойларына арналған ҚР ҰҒА мерекелік сессиялары мен халықаралық конференцияларын ұйымдастырды. Қазір ин-т «Мәдени мұра» мемлекеттікбағдарламасы бойынша 10 томдық «Қазақ әдебиеті тарихын» жазып, 5 томдық «Қазақ музыкасының антологиясы» мен 100 томдық «Бабалар сөзі» қазақ фольклоры жинағын құрастыру үстінде. Көне заманнан қазіргі күнге дейінгі кезеңді қамтитын 3 томдық «Қазақстан өнерінің тарихы» алғаш рет зерттелуде. «Асулар алда» монографиясы үшін академик М.Қаратаев (1974), «Қазақтың ертегіден тыс прозасы» монографиясы үшін академик С.Қасқабасов (1992) және Абайдың шығарм. мұрасын басып шығару мен ғыл. зерттеудегі еңбектері үшін академиктер З.Ахметов, С.Дирабаев, филол. ғыл. докт. Ж.Ысмағұлов, проф. К.Мұхамедханов (1996),»Мағжан» зерттеу кітабы үшін филол. ғыл. докт.,проф. Ш.Елеукенов (1998) Қазақстан Мемл. сыйлығына ие болды. Ин-тта әр жылдары академиктер Әуезов, Ахметов, А.Жұбанов, К..Жұмалиев, М.С.Сильченко, М.Ғабдуллин, Қаратаев, Қазақстан ҒА корр.-мүшелері Ә.Дербісәлин, Ы.Дүйсенбаев, Б.Г.Ерзакович, Е.В.Лизунова, Н.С.Смирнова, Ш.Қ.Сәтбаева,Ә.Шәріпов, Е.Ысмайылов, филол. ғыл. докторлары М.Базарбаев, М.Дүйсенов, Б.Уахатов және т.б. көрнекті ғалымдар қызмет етті. Қазір ин-та ҚР ҰҒА академиктері Қасқабасов, Қирабаев, Қ.Т. Телжанов, 12 ғылым докторы мен 34 ғылым кандидаты еңбек етеді (2005). Ин-т ТМД