ӘБІШЕВ Әлжаппар (15.10.1907. Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. -24.8.2001) -жазушы,драматург, Қазақстанның халық жазушысы (1985). Еңбек жолын Қарағанды кен орындарында шахтер болып бастаған. Тұңғыш кітабы -«Завалға» (1936) жүмысшылар өмірі арқау болған,кейін «Армансыздар», «Төлеген Тоқтаров» (1944),»Саржан» (1945) повестері жарықкөрді. Ә-тің көлемді прозалық туындыларының бірі -«Жас түлектер» (1945) романы. Әр жылдары жазылған «Үлкен жолда» (1948),»Терең тамырлар» (1952),»Сәуленің күлкісі» (1978) повестері мен «Сахара сәулеті»,»Найзағай» (1969),»Атыңнан айналайын» (1988) романдары да оқырмандарықыласына бөленді. Ә. шығарм-ның ең бір шоқтықты саласы -драматургия. 30-дан астам пьеса жазды. Олар: «Отан үшін» (1939), «Жолдастар»(1940), «Қырағылық»(1941),»Намыс гвардиясы» (М.Әуезовпен бірігіп жазған. 1942), «Достық пен махаббат» (1947), «Мен өлмеймін» (1948),»Бір семья» (1948), «Күншілдік» (1954),»Кім менің әкем» (1957),»Белгісіз батыр»(1966), «Армандастар» (1966),»Сәкен» (1965), «Мансап пен ұждан» (1977),»Көлеңкелер қалай жоғалады» (1978), «Мәди» (1977), «Нұрлы жаңбыр»(1981),»Кәусар»(1982), «Ажалсыз адам» (1983),»Сәкен аманаты» (1987), т.б. Ә-тің пьесалары әр жылдары респ.. обл. театр сахналарында қойылды. Бірқатар шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы,екімәрте, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.