ӘБІЛЕВ Диқан

ӘБІЛЕВ Диқан (26.12.1907. Павлодар обл. Баянауыл ауд. Мойылды қыстауы -13.9.2003. Алматы) -ақын, жазушы,драматург. Қазақстанның халық жазушысы (1987). 1925 -27 ж. Семейдің а. ш. техникумында оқыған. 1928 -31 ж. Баянауылдың Шідерті болыстық атқару к-тінің хатшысы,мұғалім,мектеп интернаттың директоры. 1931 -32 ж. Баянауыл ауд. «Ленин туы» газеті бас редакторының орынбасары,1932 -34 ж. Қарағанды обл. «Ленин туы» газетінде жауапты редактордыңорынбасары, 1937 -39 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, төрағасы, 1939 -41 ж. ҚазҰПУ-дың аспиранты болған. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Соғыстан кейін Қазақ мемл. көркем әдебиет баспасының бас редакторы, 1961 -62 ж. Қазақстан Жазушылар одағы Көркем әдебиетті насихаттау бюросыныңдиректоры, Жазушылар одағының кеңесшісі қызметтерін атқарған. Ә-тің тұңғыш өлеңі «Қызыл әскерге» 1926 ж. «Қазақ тілі» газетінде, алғашқы әңгімесі «Сырлы шкафтың сыры» 1928 ж. «Әдебиет майданы» журналында жарияланған. Отыздан астам іргелі, прозалық шығармалары жарық көрген. «Ақын арманы» (1965),»Арман жолында» (1969),»Баянауыл баурайында» (1975) кітаптарынан тұратын трилогиясы Ә-тің проза саласындағы ең ауқымды шығармасы болып табылады. Ә. «Қарулас достар» (1948),»Майра» (1954),»Біржан сал мен ақын Сара» пьесаларының авторы. Орыс жазушылары А.П. Чеховтың «Шиелі бақ» пьесасын, Н.А. Некрасовтың «Қызыл шұнақаязын»,украин ақыны Т.Г. Шевченконың өлеңдерін,әзербайжан ақыныНизамидің «Ләйлі-Мәжнүнін», түрік қаламгері НазымХикметгің»Петроград 1917″,»Таранта Бабу» поэмаларын,қырғыз халқының «Манас» эпосын қазақтіліне аударған. Ә. шығармалары шет ел тілдерінде жарық көрді. «Қызыл Жұлдыз,»Құрмет белгісі»,
Еңбек Қызыл Ту (1977),»Парасат» (2002) ордендерімен,медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *