ӘБІЛДАҰЛЫ Бақтыяр (10.11.1937 ж.т., Жамбыл обл. Талас ауд. Ақкөла.)-журналист, жазушы,драматург. ҚазҰУ-ды бітірген (1959). 1959 ж. Жамбыл обл. қазіргі «Ақ жол» газетінде тілші,бөлім меңгеруші болды. Қазір осы газетте бас редактордың орынбасары. Алғашқы жинағы «Тұлпардың тұяғы» хикаяты 1980 ж. жарық көрген. 1986 ж. Жамбыл обл. қазақ драма театрында 1986 ж. «Айша бибі» трагедиясы. 1992 ж. «Сыпатай батыр» пьесасы, 1995 ж. «Төле би» драмасы 1999 ж. «Мырза Мұхаммед Хайдар» драмасы қойылды. «Төле би және Қойгелді батыр» (1992),»Рысбекбатыр» (1994),»Байзақдатқа»,»Бөлтірікби» (1996),хикаяттары,»Талас -Тараз» (1998),»Жауғаш батыр -Абылай ханның елшісі» (1999),»Сыпатай батыр» (2000) романдары жарық көрген. Бірнеше медальдармен марапатталған.