ӘБУ НАСР әл-ЖАУҺАРИ

ӘБУ НАСР әл-ЖАУҺАРИ, Әбу Наср Исмаил бин Хаммадәл-Жау һар и (т.ж.б.Отырараум.Жауһара.-1005,Иран,Нишапурқ.) -ғалым, ақын. Отырар,Бағдад,Басрада оқыған. Нишапур қ-нда араб тілінен дәріс берген. Оқымыстының «Китаб әл-мүқаддима фи-н-наһу» (Трамматикаға кіріспе кітап») атты еңбегі әлі табылмай отыр. Оның «Тадж әл-лүғат уа сихах әл-арабиа» («Тіл тәжі және араб тілінің ақиқат сөздігі») атты сөздігінде қырықмыңға жуық сөз қамтылған, 6 томнан тұрады. Әл-Жауһаридың өлең жүйесіне арналған екі тракты -«Китал әл Аруд» (Аруд туралы кітап) пен «Китабул-қауафи» (Ұйқас туралы кітап) бар. Бұл екі еңбек Стамбұлдағы Атиф Әфенді кітапханасында сақтаулы. Әл-Жауһари өлең өлшемі туралы (аруд) трактатында араб өлеңін 12 түрге бөліп қарастырады. Әл-Жауһари өлеңді, ұйқасты жүйелеуде соны жол ұсына отырып, өз заманының ең беделді өлеңтанушысы ретінде мойындалған. Әл-Жауһаридің араб тілінде жазған өлеңдерінің үзінділері де сақталып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *