ӘБУ ИБРАҺИМ ИСХАҚ әл-ФА-РАБИ (т.ж.б.. Отырар қ. -951 ж.ш.,сонда) -қазақ даласынан шыққан ғұламалардың бірі. Әбу Наср әл-Фарабидіңзамандасы. Йемендегі Забид қ-нда тұрған. Кейін туған шаһарына оралып, ұстаз болған. Ә. И. И. әл-Ф. есімі араб елдерінде ертеден белгілі. Оның құнды зерттеулері,қолжазбалары Веймар, Париж, Лондон, Фес, Каир,т.б. ірі қалалардағы кітапханаларда сақтаулы. Іргелі еңбегі -«Диуан әл-адаб» («Әдеби жинақ»). Ғалым бұл еңбегінде әдебиет пен тіл мәселелерін жан-жақты зерттеп, жүйелеген. Бұл еңбекті белгілі араб ғалымдары Ахмад Мұхтар Омар мен Ибраһим Анис Каирде 4 том етіп (1-т., 481 б., 1974; 2-т. 501 б., 1975; 3-т., 470 б.. 1986; 4-т.. 259 б.. 1978;) бастырып шығарған. Ғалым еңбектерін алғаш тауып,зерттеген -неміс шығыстанушысы К.Броккельман(1868-56).