«ӘБУҒАЛИСИНА» -шығыс аңыздарының желісіне құрылған дастан. Бас кейіпкері -аш-Шейх ар-Раис Абд әл-Хұсайын ибн Абдаллах ибн Сина (980 -1037). Дастанның Қазан төңкерісіне дейін кітап болып басылған нұсқалары: «Әбуғалисина қиссасы» (1981 ж. Қазандабасылған. Шығарушы Қ.Насыри. татар тілінде,көлемі 116 бет.); «Әбуғалисина» (1886 ж. ҚазандақазақтіліндеЖ.Елшібайұлы бастырған. көлемі 56-бет); «Қисса-и Абулхарис» (1893 ж. К.Шаһмарданұлы Қазанда 16 бет көлемде араб әрпінде бастырған); Қисса-и Халвафауруш (1898 ж. Қазанда «Сұлу жігіт туралы» деген атпен басылған); Ганжғина-и хик-мет Әбуғалисина» (1901, 1903 ж. С.Шарафуддинұлы 115 бет көлеммен Қазанда араб әрпінде қара сөзбен бастырып шығарған). Сол сияқты «Ә» дастанының мынадай қолжазба нүұсқалары да бар: «Ганжғи-на-и хикмет Әбуғалисина» (1940 ж. Х.Байысов тапсырған. Араб әрпінде. көлемі 56 бет); «Әбуғалисина -Әбілхарис» (А.Әмірүлы 1936 ж.араб әрпінде жазып тапсырған); «Әбуға-лисина» (көлемі 68 бет. жинаушылар Ж. мен А.Шорманұлынан. 1895 ж. Ғ.Мұсабаев алып тапсырған); «Әбу-ғалисин,. Әбілхарис» (Қ.Баймағанбетов нұсқасы). Жырлаған Қ.Баймағамбетов(1895 -1973) «Әбуғалисина, Әбілхарис» дастаны көптомдық»қазақ халық әдебиеті» сериясының «Дастандар» кітабының 2-томына енген.