ӘБУТӘЛИЕВ Нәбиден (18.5.1928 ж.т., Атырау обл. Махамбет ауд.) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1952). «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында, Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-тте аға редактор,»Жазушы» баспасындааға редактор. бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. Тұңғыш өлеңі «Ақжайық» 1943 ж. жарияланған. Ондаған прозалық шығармалардың авторы. «Өттің, дүние» тарихи драмасы қазақ драма театрында қойылған (1992). Ә. Америкалықжазушы Эрнест Хемингуэйдің «Килиманджаро -қарлы тау», «Мереке -қызық мол жылдар» шығармаларын, орысжазушысы С.Сартаковтың повестерін, моңғол жазушысы Б.Чоцндонның «Ұлы Гобиде» повесін, орыс жазушылары В.Пикульдің, Ә.Бикчентаевтың әңгімелерін қазақ тіліне аударған.