ӘБУБӘКІР Боранқұлұлы. Кердері Әбубәкір

ӘБУБӘКІР Боранқұлұлы. Кердері Әбубәкір (1861. Бат. Қазақстан өңірі. Теректі мекені -1903. Ақтөбе обл. Алға ауд. Жабасай қорымы) -ақын. Ә. шығармалары қазан төңкерісіне дейін «Әдебиет қазақия» деген атпен екі дүркін жарияланған (1902. 1905). Өлең,толғаулары ел арасына кең тараған. Онда заман, адам,дін, өнер, ғылым,әдет-ғұрып, имандылық,жақсы мінез туралы тебіренеді. Ә-дің қара-қалпақ ақындары Құлымбетпен,әлім Қожахметпен, ноғай Нұрыммен айтыстары бар. Ақынның «Кердері Әбубәкір шежіресі», «Алты алаш шежіресі» аталатын жыр-шежірелерінің де танымдық мәні зор. Ә. өлең толғаулары» Үш ғасыржырлайды» (1965),»Бес ғасыр жырлайды» (1985. 1989) жинақтарыңда жарияланған. «Қазағым» аталатын жеке жыр жинағы 1993 жылы жарықкөрген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *