ӘБДІРАХМАНОВ Төкен (5.5.1917. казіргі Шығ. Казақстан обл. Ақсуат ауд. Қызылтас а. -1990. Алматы қ.) -жазушы, аудармашы,филол. ғыл. канд. (1961). ҚазҰПУ-ды бітірген (1941). 1945 -51 ж. Қазақстан ЛКСМ ОК-нда бөлім меңгерушісінің орынбасары. «Пионер» (қазіргі «Ақжелкен»)журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1951 жылдан ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, доценті болды. Алғашқы өлеңдер жинағы «Қарғаш» 1952 ж. жарық көрген. «Қожанасыр хикаялары» (1965. 1977), «Екі ертегі» (1957),»Қарша қыз» (1982) кітаптарының авторы. «XX ғасьф басындағы қазақ әдебиеті» хрестоматиясы»(1959.1983; Қ.Жармағамбетовпен бірге),»Бекет Өтетілеуов және орыс әдебиетін қазақ тілінеаударудәстүрі»(1961),»Жаңа ғасыр көгінде» (1969) монографиялары. 3 -4-сыныптарға арналған «Ана тілі» оқулығы жарық көрген. Татар жазушысы Ғ.Тоқайдың,орыс жазушылары С.В. Михалковтың,В.А. Овсееваның, ағайынды Гриммердің, шығармаларын қазақтіліне аударған.»Кұрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.