ЭПИГРАММА

Түркі елінен түр-түсі, мақамы – ада,
Өлең бе бұл, немене, мақала ма:
Шата қазақ қазақша өлең жазып,
Шата ақынға айналды – шата бала.
* * *
Таста!
Кет!
Басқа жігітпен!
Қалайын іштен тынып мен,
Қайтады деген үмітпен,
Үміттен өктем күдікпен…
Сәлем деп ұшқан құстардан,
Күтейін күллі тұстардан.
Көрінбе Қазақстаннан,
Ағылған автобустардан.
Жел өтіп тесік өкпемнен,
Іздейін жерден, көктен мен.
Жолдасам сәлем кептерден,
Өте шық самолеттермен!
Пойыздар заулап от басқан,
Аққанда асып жасыннан,
Қарағандыға соқпастан,
Қалқып өт менің қасымнан!
Іздейін Алатаудан да,
Іздейін Қаратаудан да.
Тұрайын шошып оянып,
Қара түн, ала таңдарда.
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *