Цивилизация!

Цивилизация!
Неткен осы ұшқыр ең!
Көрген емен сендей жойқын күшті мен:
Қалаларды жаулап алдың бір сәтте
Аттап өтіп ауылдардың үстінен,
Жаугершідей түсі суық. Түнеріп –
Аспаныңда алапаттар жүр өріп.
Қаланы да қара жерге түсірдің,
Даланы да бір-ақ жалмап жіберіп!
Жер-Мекеннің шығып қара қордасы,
Адам тәні шошқалардың болды – асы.
Цивилизация, – десем болды… Көзіме
Елестейді – Атом. Атом Бомбасы…
Өзің жайлы аңыз да көп не түрлі.
Мынау Дүние нендей ойға бекінді?
Анасынан қайта туған адамзат
Өзін-өзі өлтіретін секілді!
Пәктік тақтан түсіп, болды – тамам зат.
Тәжін киіп кердеңдейді арам зат.
Наркотиктей отыр мүлгіп түс көріп
Ақыл-естен айрылған адамзат.
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *