Тәж-Мақалды көріп қайтсам таң қалып

Тәж-Мақалды көріп қайтсам таң қалып –
Хиросима… кіреді ылғи түсіме!
Крематорий – Бухенвальдтар бар тағы!
Адамзатқа айтпан одан басқа түк:
Қыз-Дүние көзіңді арбап тартады,
Мұз-Дүние жүрегіңді қақсатып!
Әзәзіл-күш әбігер сап әлекпен,
Әлсіз пенде тайталасты күштімен.
Жоқ Тарихтың – төте жолы. Бәрі өткен
Адамзаттың сүйегінің үстімен.
Ғасырлар-ай! Қасіретті! Тұлдырсыз!
Келгені де, кеткені де – түс, мүлде.
Жер астының бәрі – мола! Жүрміз біз
Адамзаттың сүйегінің үстінде.

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *