Түсімде де, өңімде де мен өлдім..

Түсімде де, өңімде де мен өлдім…
Көрдім талай жекпе-жекті оқ ұшқан.
«Соғыста адам қорықпайды» деген – кім?
Түк те түсінбегені ғой соғыстан!
* * *
Жария – бәрі. Не айтсаң да – хақың бар!
Көптен жатқан көкейде шер лақылдар.
Ленинді мадақтауын кілт қойып,
– Абылай! – деп айғай салды ақындар!
Ресейдің қайыңы мен емені –
Дүниенің діңгегі ғой деп еді…
«Ерім…» – дейді екі көзі бода боп
Кеше ғана шенегендер Кенені…
«Алаш» – дей ме, «Азат» – дей ме, не түрлі,
Атқа мінген бала қаптап кекілді, –
Найзаны ұстап, нар кескінді Наурызбай,
Сары орысқа қайта шабар секілді?!
Болды… деймін, қыздырмашы бекер бой,
Мынау өзі біздің ел ме?!
Шет ел ғой!
Шенеунігім: «Елім» дейді сұңқылдап,
Шенқұмар да – демократ екен ғой!
Құдай көзін жөндеп салып жетімге,
Асқақ-асқақ сөз айтылып не тілде –
Неше түрлі тентек ойлар бұрқ етіп.
Неше түрлі газеттердің бетінде –
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *